Республика күні мен Қазақстан қаржыгерлері күніне орай өңірдің Салық қызметінің бірінші төрағасы және «Қызмет» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының бірінші басшысы Ғазалиев Мылтықбай Қаблатұлын еске алуға арналған шағын-футболдан алғашқы турнир ұйымдастырылды.
Спорттық жарысқа еңбек ұжымдарының 12 командасы қатысты. Қатысушылар алдында құрметті кенші, көмір саласының еңбек ардагері, отбасының досы Алмас Рысқұлов, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының басшысы Татьяна Шатохина, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Серік Санаубаев, Halyk Bank Қарағанды облыстық филиалының басшысы Валерий Пунтус, Мылтықбай Каблатұлының ұлы Медет Ғазалиев сөз сөйледі.
Жарқын және қызықты спорттық жарыста, турнир кестесіне сәйкес матчтар сериясында кәсіби төрешілердің шешімі бойынша футбол турнирінің жеңімпаздары деп келесі командалар танылды:
I орын – «Jusan Bank» командасы,
II орын – Теміртау қаласының «Halyk Bank» командасы,
III орын – «Отбасы Банкі» командасы.
«Жеңіске деген ерік-жігері үшін!» номинациясы «Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ командасына берілді.
Жеңімпаздарға Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің естелік кубоктары мен құрмет грамоталары салтанатты түрде табыс етілді.
Барлық қатысушы командалар «Қызмет» Салалық кәсіподағының облыстық филиалының Алғыс хаттарымен және Мылтықбай Ғазалиевтің отбасы атынан сыйлықтармен марапатталды.