Қызылордада Республика күніне орай білім саласы қызметкерлерінің арасында облыстық спартакиада өтті.
Спорттық жарысқа облыс бойынша барлығы 250-ге жуық сала қызметкерлері қатысып, спорттың үш түрі бойынша күш сынасты. Үстел теннисі, шағын футбол мен волейболдан жалпы командалық есепте Қызылорда қаласы командасы жүлделі бірінші орынға, Шиелі және Қазалы ауданының құрама командалары тиісінше екінші және үшінші орынға тұрақтады. Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыстық білім басқармасының және білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының арнайы дипломдары, естелік кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Спорттық доданың марапаттау салтанатына қатысқан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағасы Гүлнар Есқалиева спорттық шыңдалу деңгейлерін көрсеткен спартакиада қатысушыларына жарыстағы жоғары белсенділіктері үшін алғыс айтып, Тараз қаласында өтетін республикалық бәсекеде Сыр елінің намысын қорғайтын командаға сәттілік тіледі.