Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында «Yntymaq» салалық кәсіподағының бастауыш ұйымдары мен кәсіподақ орталығының өкілдері Президенттің биылғы Жолдауындағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Кездесуге Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев қатысты.
Кездесуде ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, жылжымайтын мүлікті және басқа да қымбат объектілерді сатып алу кезінде сән-салтанат салығын енгізу, жаңа Салық кодексін әзірлеу, шетелдік машиналарды тиімді заңдастыру, мемлекет жоғары білім беруде оқу үшін мемлекеттік гранттар бөлу, 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 жасқа белгілеу, барлық қалалардағы үйлер мен көшелердің сыртқы түрінің сапасын арттыру курсы, қала құрылысы кодескі жобасы т.б. мәселелер туралы кеңінен сөз болды. Кәсіподақ мүшелері өз ойларын ортаға салды. Кездесу ашық диалог түрінде өтті.
“Бағдарламалық құжат ретінде бұл Жолдаудың маңызы ерекше. Бұл барлық қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған»,деп атап өтті жиынға қатысушылар.
Біз, кәсіподақтар еліміздегі іргелі қоғамдық ұйым ретінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы жаңа бастамаларды құптап отырып, біз қарапайым еңбек адамының әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктерге ие болуына, еңбек жағдайын жақсартуға мейлінше жағдай жасалуына жаңаша мүмкіндіктер болатынына сенімдіміз”, – деді Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев.