Кәсіподақ қарттарға қамқорлық көрсетті

Орал қаласында БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының қолдауымен Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбиелік шара ұйымдастырылды.


Шараның мақсаты – жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуді сіңдіру, қазақ халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Кеш соңында БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының төрағасы Тулеген Темешев құттықтау сөз алып, қонаққа келген бөбекжай ардагерлері мен қарияларға естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын тарту етті.