Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастамасымен №20 Сакен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында “Менің мамандығым – кітапханашы” тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
Іс-шара барысында “Шапағат-педагог” кәсіподағының төрайымы Г.Тлеубердиева осы салада жылдар бойы қажырлы еңбек етіп жүрген мамандарды алғыс хатпен марапаттап, мерекелік сый-сияпаттар табыстады.
Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны.