Ақтөбе өңірінде педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтов, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова, кеңес мүшелері қатысты. Отырысқа қатысушылар кеңес төрағасы К.Байғазиннің баяндамасын тыңдап, өз пікірлерін ортаға салды.
Республика күніне орай өткен жиын салтанатты марапаттау шарасымен жалғасты. Кеңес төрағасы Кенжеғазы Байғанинге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Білім саласының ардагерлеріне кәсіподақ тарапынан да сый-құрмет көрсетілді.