Жамбылда Минералды тыңайытқыштар зауыты еңбек ұжымымен кездесу өтті

Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов Тараз қаласындағы “Қазфосфат” ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты жұмысшыларымен кездесті.

Кездесуде облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы жұмысшыларға ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен өтіп жатқан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы барысында жұмысшылармен жұмыс орнында кездесіп, ондағы әлеуметтік еңбек жағдайымен тікелей таныса отырып, ондағы көтерілген мәселелерді мүкіндігінше шешу екенін жеткізді.

Жұмысшылармен кездесуде, бастауыш ұйымының төрайымы Юлия Фролова зауытта кәсіподақ ұйымының атқарып отырған жұмыстары туралы және осы айдан бастап барлық жұмысшыларға жұмыс беруші тарапынан тегін тамақ беріліп жатқанын айтты.

Зауыт жүмысшыларының қойған өзекті мәселелерінің бірі, ол мына зауытқа қатынайтын бір ғана қоғамдық көліктің болуы және оның уақытылы жүрмеуі мен сенбі, жексенбі күндері мүлдем сирек жүруі. Мұндай жағдай жұмысшылардың уақытылы жұмысқа барып-қайтуына қиындық туғызуда.

Бұл мәселе назарға алынды. Бүгінде бұл зауытта 1500 ден аса еңбеккер жұмыс істейді. Жақында минералды тыңайтқыштарды өндіретін жаңа цех іске қосылып, онда 500 астам жаңа жұмыс орындары ашылған.