Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков кәсіподақ белсенділерімен, «ҚОРҒАУ» көмір өндірушілерінің, білім және ғылым қызметкерлерінің, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің, «YNTYMAQ» кәсіпкерлігі, Қарағанды энергетикалық компаниялар тобының қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері қатысқан «Еңбек ұжымдары арасындағы жанжалды жағдайларды шешу» семинар-тренингінің тыңдаушыларымен кездесті.
Ашық мүдделі диалог барысында кәсіподақ көшбасшылары тарапынан қызметтің барлық салаларындағы қызметкерлердің жалақысын жыл сайын индекстеу, тау-кен металлургия саласында және басқа да салаларда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қойылып, оларға жүйелі кәсіподақ жұмысы және еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі перспективалық бағыттар туралы нақты жауаптар берілді.
Кездесуге қатысушылар Әділетті Қазақстанды бірлесіп құруға дайын екендіктерін білдіріп, диалог алаңы үшін алғыстарын білдірді.