Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл-күй

Астана жол дистанциясының аумағында жасанды жабыны бар спорт алаңының ашылуы өтті.

Кәсіподақ жұмысшылардың дене шынықтырумен айналысуына көп көңіл бөледі. Ұжымның бірлігі мен салауатты өмір салтын ұстанудың арқасында еңбек өнімділігі артады. Сондықтан кәсіподақ белсенділерінің ұсынысы мен күшімен бұл спорт алаңы «асар» әдісімен салынды,-дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Біржан Алмежанов.

Қазпрофтранс «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев өзінің құттықтау сөзінде 2021-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында кәсіподақ қызметкерлерге материалдық және моральдық ынталандыру жүйесін құру, сондай-ақ салауатты өмір салтын ілгерілету бойынша компания әкімшілігіне жәрдемдесетін болады. Өйткені дені сау және ынталы ұжым ғана жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Бұл спорт алаңы әрдайым сұранысқа ие болатынына және Қазпрофтранс кәсіподағының 30 жылдығы мен “ҚТЖ “ҰК” АҚ-ның 25 жылдығына орай Астана жол дистанциясының ұжымына тамаша сыйлық болатынына сенімдімін деп атап өтті.

«Компания кәсіподақпен бірлесіп көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырады. Бұл нысан біздің кәсіпорында сауықтыру және спорттық жұмыстарды жандандыруға, кәсіподақ активі арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді», – деді сөз алған Астана жол дистанциясы директоры Дәурен Қаппасов.

Ашылу салтанатынан кейін жол дистанциясы қызметкерлерінен құралған командалар арасында жолдастық матч өтті. Олар ойыннан алған эмоцияларына риза болды.

Жол дистанциясының монтері Әсет Бақаев: «Енді біздің қызметкерлеріміз спортпен шұғылдануға және жолдастық ойындар өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын жалға алынған жерлерде ойнауға тура келді және бұл көп уақытты қажет етті. Енді кәсіпорын аумағында ашылып отыр. Бұл біздің арманымыз еді. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Біржан Алмежановқа зор алғысымызды айтамыз»,- деп өз пікірімен бөлісті.

Спорттық іс-шара аяқталғаннан кейін Серік Сәрсекеев сыйлыққа футбол добын табыс етіп, барлық қатысушыларға мықты денсаулық, табысты еңбек тіледі.