Кәсіподақ бастауыш ұйым мүшелерінің денсаулықтарын нығайтуға қолдау танытты

Әйтеке би ауданының ұстаздары күзгі каникулды тұмса табиғатымен ерекшеленген «Мерке-Родон» шипажайында өткізуде. Кәсіподақ жолдамасына ие болған педагогтер кешенді медициналық тексерістен өтіп, қажетті ем-дом алып жатыр. Тұз шахтасы, родон ваннасы, фитотерапия, емдік массаж тағы да басқа көптеген процедураларды қабылдап, денсаулықтарын нығайтуда.


“Жанға жайлы, жақсы демалыс ұйымдастыруға ұйытқы болған білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз. Кәсіподақ ұйымы тарапынан көрсетілетін осындай қолдаулар педагогтерді жоғары нәтижеге қол жеткізуіне, кәсіби тұрғыда дамуға ынталандырады, жаңа мақсаттарға жетуге жетелейді”, – дейді демалушылар.