Шымкентте «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының құрамы жаңа ұйымдармен толықпақ

Шырайлы шымшаһарда болашақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалының құрамына кіру үшін алғашқы келісім шарттар даярланып, келіссөздер жүргізілуде.


Кәсіподақ қатарына кіруге үш бірдей компания «T-BUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Туркестанская Транспортная Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Радуга-транспорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бет бұрды. Мекемеде кәсіподақ ұйымын құру қажет екенін жұмысшылар қолдап отыр. Бүгінде бұл автобус парктері жолаушылар тасымалымен айналысады.