Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен АӘДТ және дене шынықтыру пәндері қауымдастығының отырысы өтті. Жиынға аталған пән мұғалімдері мен ассоцация мүшелері қатысты. Күн тәртібінде «Әскери-патриоттық тәрбие жұмысының барысы», «Аттестаттау – педагогтердің тұлғалық дайындығын арттырудың негізі», т.б. тақырыптар қозғалды.
Шараға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының заңгері Александр Алимпиев те қатысып, педагогтерге заң шеңберінде құқықтық кеңес берді.
Қәсіподақ ұйымының құқықтық жұмыстары туралы бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев «Оқытушылардың оқу ақысын төлеудің бірегей жүйесін қалыптастыру жолдарын қарастыру» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Педагогтер заңгерден жалақы, жұмыс режимі, біліктілік санатын алу сынды сұрақтарға толық мағлұмат алды.