Ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

2022 жылғы 17 қарашада облыстың аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Одақтар үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құрметтеп, өңірдің үздік ветеринар-станция өкілдерін марапаттады.


«Павлодар облыстық ветеринариялық станциясының» ШЖҚ МКК басшысы М.Ш. Апсаликов облыстың ветеринариялық қызметінің қызметкерлерін мерекемен құттықтай отырып, оларға қиын кәсіптегі еңбектері үшін алғыс айтты.

Павлодар облысының ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының дамуы мен көбеюіне қызмет еткен ветеринариядағы жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізгені үшін озық мамандарға басшылық пен салалық кәсіподақтың атынан марапаттар, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының төрағасы П.Сурма ветеринария қызметінің озық қызметкерлерін, ауыл шаруашылығы еңбек ардагерлерін салалық кәсіподақ наградаларымен: белгілермен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапаттады.