Шымкентте кәсіподақ қатарына «T-BUS» автопарк қызметкерлері қосылды

Шырайлы шымшаһарда «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалының құрамына «T-BUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері 100% кәсіподаққа кірді.


Автопарк басшылығымен «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев кездесіп, тиісті құжаттарға қол қойылды.

Айта кетейік, Шымкентте «T-BUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жолаушы тасымалымен айналысады. Парк автобустары 34 бағытта қызмет көрсетеді. Серіктестікте бүгінде 350 қызметкер жұмыс жасайды.