Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы»мекемесінің «Қызылорда пайдалану локомотив депосы» филиалындағы еңбек ахуалы туралы мәселе қаралды. Облыстық бақылау басқарамасының басшысы Бауыржан Шәменов аталған мәселе бойынша хабарлама жасап, қалыптасқан еңбек ахуалын баяндады. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов еңбек ұжымындағы ахуалды тұрақтандыру, кәсіпорын басшысының іс-әрекеттеріне байланысты ұжымда қалыптасқан наразылық келіспеушіліктерді Татуластыру комиссиясында қарау туралы ұсыныс білдірілді.
Бүгін аталған мәселе бойынша Қызылорда пайдалану локомотив депосы еңбек ұжымымен кездесу өтіп, еңбек заңнамасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.