Кәсіподақтар зорлық-зомбылықты жою мәселелерін қарастырды

Әйелдерге, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жан-жақты жоюды қолдау мақсатында 23-28 қараша аралығында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің кәсіподағы кәсіподақ мүшелерінің отбасыларын тарта отырып, бірқатар іс-шаралар өткізді: «Әкем, анам, мен – тату отбасымын» балалар шығармашылығы байқауы, «Мәдениет – түсіністіктің негізі» атты дәріс, «Зорлық-зомбылықсыз өмір» дөңгелек үстелі, «Жанжалды жағдайлар және олардан шығу жолдары» семинары, «Балалық шақ әлеміндегі қатыгездік пен зорлық – зомбылық жоқ!».


Кәсіподақ жетекшілері аталған іс-шараларға құқық қорғау органдарының, қоғамдық қозғалыстың, Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығының, әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталықтарының өкілдерін тартты.