«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті.
Отырысқа салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде Президент сайлауының үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстар және Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің «Ұлттық лайықты еңбек бағдарламасын әзірлеу» бастамасын көтеруі, Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бас кеңесінің Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелігін қалпына келтіру шешімі туралы өзекті мәселелер қаралды.
Көтерілген мәселелер бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев сөз алып, Президент сайлауының үгіт-насихат кезеңінде жалпы АКБ тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің «Ұлттық лайықты еңбек бағдарламасын әзірлеу» бастамасын көтеруі туралы ұсынысын Кеңес мұшелеріне таныстырды. Келесі мәселе бойынша АКБ төрағасы ағымдағы жылдың 17-22 қарашасы аралығында Аустралияның Мельбурн қаласында Сатыбалды Дәулеталиннің бастаған топ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясының қатысуымен өткен Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының V конгресінің жұмысына тоқталып, конфедерациясының Бас кеңесінің шешімімен ҚРКФ мүшелігі қалпына келтірілгендігін атап өтті.
Жиын соңында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы филиалының төрағасы Руслан Шеримовтың 50 жасқа толуына орай салтанатты құттықтау шарасы өтті. Жиында туған күн иесіне ақ тілектер айтылып, сый-сыяпаттар табысталып, жылы лебіздерін жеткізіп жатты. Руслан Байғаниұлының кеудесіне ҚРКФ ең жоғарғы наградасы «Еңбек озаты» медалі тағылып, Өзбек этномәдени орталығының «Достық» төсбелгісі де табысталды.