Қызылорда қалалық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында қаладағы кәсіпорындар мен мекемелердің жинақтаушы зейнетақы қорына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төлемдердің аударылым жасаулары туралы мәселе қаралды.
Мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда тиісті төлемдердің аударылмауы елу пайызға дейін жетіп отыр. Көтерілген мәселе бойынша Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов ұсыныс-пікір білдірді. Мәселенің жұмыскерлер мүддесі үшін өзектілігіне назар аудартқан Марат Бәйімбетов зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру төлемдерін төлемей отырған мекемелер мен кәсіпорындарды өз құзыреттері шегінде мемлекеттік органдар өзара байланыс орната талдау жұмыстарын жасап, мәселені облыстық үш жақты комиссияның қарауына шығаруды ұсынды.