«БҚО Кәсіподақтар орталығының» төраға орынбасары Бауыржан Аяпбергенұлы БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Жаңабайұлы және басқарма мамандарымен бірлескен іс-сапармен Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында орналасқан Қарашығанақ кен орнына барды.
Іс-сапар барысында бақылаушылар “Sicim”, “Kios”, “Kipo” компанияларында болып, жұмыс барысы мен еңбеккерлердің жағдайымен танысты.
«Sicim» компаниясында 1500 адам қызмет атқарады. Қауіпсіздік техникасы толықтай сақталған, еңбеккерлерге жұмыс атқаруға қолайлы жағдайлар жасалған, ұжымдық шарт негізінде қызмет атқарады. Кәсіподақ құру жөніндегі жұмыстар атқарылуда.
Қазақ-италияндық «Kios» компаниясында 240 қызметкер жұмыс жасайды, олардың 99% жергілікті түрғындардан құралған. Кәсіподақ өз қызметін дұрыс атқаруда, барлық жағдай нормаға сай.
Кен орнын аралау барысында еңбеккерлерге қолайлы еңбек етуі үшін барлық жағдайлар жасалғаны, қауіпсіздік шаралары толықтай орындалғаны анықталды.
«Қарашығанақ» кен орнындағы барлық компаниялар талапқа сай және еңбеккерлерге қажетті барлық жағдай толығымен жасалған.