Кәсіподақ өкілдері Сайрам ауданында бас қосты

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында және Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаевтың бастамасымен, Түркістан облысы ауылшаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК «Сайрам аудандық филиалында» арнайы жиын өтті.


Жиынға Түркістан облысы ауылшаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» Сайрам аудандық филиалының, Түлкібас аудандық филиалының, Төлеби аудандық филиалының, Бәйдібек аудандық филиалының, Ордабасы аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.

Жиында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарының талаптарының орындалуы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.

Сонымен қатар жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев ауылшаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Ел ырысы үшін еңбек етуден артық бақыт жоқ деп түсінетін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің төл мерекесі үлкен маңызға ие. Сіздер халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуына, елдің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамын», – деп, ауыл шаруашылығы саласында өзінің біліктілігімен, еңбекқорлығымен танылып жүрген бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне медалдар мен құрмет грамоталарын табыстады.

Жиын соңында осы мерейлі мереке күні еңбеккерлерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарына бақ-береке, жұмыстарына сәттілік тіледі.