Өз ісінің үздіктері марапатталды

«Мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ өзінің 10 жылдығын атап өтті.


Мерекелік іс-шараға орталықтың қызметкерлері, өмір жолын мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет етуге арнаған ардагерлер жиналды. Мүгедектерді оңалту орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының өкілдері орталық қызметкерлерін құттықтап, белсенділерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті. Берілген марапаттармен бірге бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік іс-шара концертпен жалғасты. 10 жылдық достық атмосферада аталып өтті.