Бастауыш кәсіподақ ұйымы отбасы құндылығы мәселесін сөз етті

“Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттердің 16 күні” акциясы аясында кезекті шараны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.


Кездесудің модераторы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Қазақстандық салалық кәсіподақтың әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі О.Сұлтанғалиева болды.

Шараға «Алтын алқа иегері», «Қазақстанның Құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері, республикалық “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының жеңімпазы, “Анаға тағзым” орталығының медиаторы Б.Әбдішүкірқызы, тарих факультетінің аға оқытушысы, «Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі Ж.Оразаева және жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Жиналғандар тақырыпқа байланысты ойларын ортаға салып, пікір алысты. Отбасы құндылығы жайында тағылымды әңгімелер айтылды. Кеш соңында студенттер келген қонақтарға ыстық лебіздерін білдірсе, кәсіподақ ұйымы төрайымы ұжым атынан алғысын жеткізді.