«SENIM» салалық кәсіподағы балаларға қуаныш сыйлады

“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” республикалық акциясына арналған іс-шаралар аясында 2022 жылғы 28 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және балалары бар әйелдерді бейімдеу орталығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» және «Мен және менің отбасым» тақырыбында балалар суреттерінің көрмесі жарияланды.


Осы орайда 7 желтоқсан күні «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының қатысуымен балалардың сурет-байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты – балалардың назарын отбасының өміріндегі маңызды рөліне аудару, балалар мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Балалар байқауына орталықта тұратын 6 жастан 13 жасқа дейінгі 15 бала қатысты. Байқауға қатысушылар акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаш техникасында орындалған суреттерді ұсынды. Қазылар алқасы балалардың тақырыпты ашуға шығармашылық көзқарасын атап өтті. Көбісі өмірдегі көріністерді емес, олардың сезімдерін салған. Конкурстық комиссия жүлделі орындарды беру туралы шешім шығарған кезде суреттің жалпы идеясын, орындау техникасын және өзіндік ерекшелігін бағалады.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы конкурсқа қатысушылардың әрқайсысы тәтті сыйлықтармен марапатталды.