«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында және Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаевтың бастамасымен Түркістан облысы ауылшаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК арнайы жиын өтті.
Жиынға Түркістан облысы ауылшаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» Отырар аудандық филиалының, Арыс аудандық филиалының, Созақ аудандық филиалының, Сауран аудандық және Кентау қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.
Жиында кәсіподақ өкілдері еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарының талаптарының орындалуы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, осы ретте аталған бағыттағы жұмыстармен тәжірибе алмасты.
Сондай-ақ қездесу барысында жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласында өзінің біліктілігімен, еңбекқорлығымен танылып жүрген бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне медалдар мен құрмет грамоталарын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.