Елорданы көгалдандырумен айналысатын жұмыскерлер марапатталды

«Астана-Көгалдандыру» ЖШС жұмысшыларының жергілікті кәсіподақ ұйымы Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады. Егемен Қазақстанның қалыптасу жылдарында кәсіпорын қиын кезеңдерді бастан өткерді, бірақ қызметкерлер барлық сынақтардан абыроймен өтті. Бүгінгі таңда «Астана-Көгалдандыру» ЖШС елордамызды абаттандырудағы іргелі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын кез келген күрделі мәселелерді шешуге қабілетті ұжымға айналды, мұны Астананың жасыл келбеті дәлелдейді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана-Көгалдандыру» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті. Оған кәсіпорын басшылығы, Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподақ өкілдері, Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде «Астана-Көгалдандыру» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова кәсіпорынның бір жылдағы жұмысының қорытындысын және қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер беру бөлігінде Ұжымдық шарт талаптарының орындалуын айтты. Әрине, «Астана-Көгалдандыру» ЖШС басшылығы мәдени және әлеуметтік жобаларды, қоғамдық іс-шараларды қолдауға көп көңіл бөледі. Әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейіне жету кәсіпорынның корпоративтік мәдениетінің бөлігі болып табылады. Кәсіпорын қызметкерлерінің жоғары біліктілігі жасыл желектерді құру және күтіп ұстау және елорданың экожүйесін жақсарту бойынша ең күрделі жобаларды орындауға мүмкіндік береді деді.

Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалының төрағасы Т. Мадьярова 2022 жылды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы – Әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялағанын, кәсіпорындағы қолданыстағы Ұжымдық шарт Әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы өзара қарым-қатынастардың жолға қойылған жүйесі туралы куәландыратынын, тараптардың мүдделерін келісу, еңбек қатынастарын реттеу, сондай-ақ, қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейін белгілеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сөз соңында Т.Мадьярова «Астана-Көгалдандыру» ЖШС өндіріс жөніндегі бас директорының орынбасары Г.Сыздықоваға Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» медалін табыс етті. Сонымен қатар кәсіпорын ұжымы Салалық кәсіподақ атынан Алғыс хатпен марапатталды.

«Астана-Көгалдандыру» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.Тоқходжаев жолдама құнының 70 пайызын жұмыс беруші, 30 пайызын кәсіподақ төлейтін санаторлық-курорттық емделу шарттарына өзгерістер енгізе отырып, ұжымдық шарт талаптарын үнемі жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.

Іс-шара соңында кәсіпорын басшылығының жасыл құрылыс қызметінің үздік қызметкерлерін, жүргізушілерді, механизаторларды “Еl QURMETY” республикалық қоғамдық қорының “Еңбек үздігі”, “Үздік қызметші”, “Құрметті азамат” төсбелгілерімен марапаттау рәсімі өтті.

Сондай-ақ, жүргізушілер А.Әбдіқанов және К. Мовсембаев 2019 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында оқ-дәрілердің жарылу салдарын жою бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қатысқаны үшін; жасыл құрылыс қызметінің жұмысшылары Ө.Тұрлығұлов және К.Досымов ағымдағы жылдың қаңтар айында төтенше жағдай кезінде стратегиялық объектілердің қоршауларын қамтамасыз ету үшін құмды орау кезінде объектіде тәулік бойы болғаны үшін “EL QURMETY” республикалық қоғамдық қорының «Патриот» төсбелгісімен марапатталды.