Энергетиктер өзара бақ сынасты

2022 жылдың желтоқсан айында Алматы энергетика кешенінің қызметкерлері арасында бильярдтан 6-ші чемпионат өтті. 2016 жылдан бастап чемпионат жыл сайын Энергетиктер күні кәсіби мерекесі қарсаңында өткізіліп келеді.

Жарысқа энергетика саласының ең мықты өкілдері қатысты. Тартысты ойында Алматы энергетика кешені қызметкерлері арасында бильярдтан VI чемпионатта Дәулет Қарамолдаев жеңімпаз атанса, Канат Камбарбеков 2-орынға, Елдар Дүйсетай 3-орынға ие болды.


Жеңімпаздарға кубоктар мен сыйлықтарды Қазақстан Республикасы бильярд спорты федерациясының төрешілер алқасының төрағасы, халықаралық дәрежедегі төреші Райымжан Бузурходжаев табыс етті.