Поздравление Председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан с Днем энергетика

Құрметті энергетика саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Энергетика саласы экономиканың негізгі діңгегі ретінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, алда тұрған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Энергетика – қашанда әлеуметтік сала мен индустрияны алға жылжытушы күш болып саналады.

Бүгінгі мереке өмірі энергиямен байланысты адамдарды құрметтеуге ғана емес, энергетиктер буынының еңбегін жоғары бағалауға арналған. Бұл – бар өмірін еліміздің энергетикалық кешенін құру мен қолдауға арнаған еңбеккерлердің мерекесі.

Энергетика саласында елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан Сіздер әрқашан жоғары құрметке иесіздер. Сіздердің кәсіпке деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында жұмыста жоғары тиімділікке қол жеткізуге деген тұрақты ұмтылыстарыңыз өндірістік міндеттерді сәтті шешуге ықпал етеді.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық-саулық, сарқылмас қуат, кәсіби өсу мен өркендеу және алға қойған мақсаттың биік шыңына жетуде табыстар мен жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы

Сатыбалды Дәулеталин