Еңбек кодексі: Парламенттегі ҚРКФ өкілдері қандай нормаларды қарастыруда

2022 жылғы қараша-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобының құрамында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін жеңілдету мақсатында өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарауға қатысты.

Парламент Мәжілісінде жұмыс тобы бекіткен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қолдаған негізгі нормалардың қатарында келісім комиссиясының қызметін реттейтін және наразылық акцияларын өткізу мәселелері бар.

Осылайша, Еңбек кодексінің 159-бабында «келісім комиссиясына» қатысты нормалар нақтыланып, толықтырылған. Келісім комиссиясын құру үшін жұмыс беруші мен еңбеккерлердің өкілдері арасында келісім комиссиясының жұмысы туралы келісімге (жеке шарт немесе ұжымдық шартта) қол қойылады, онда келісім комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы және қызметіне қатысты өзге де өзекті мәселелер айқындалады.

Келісім комиссиясының отырысын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өткізуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, келiсiм комиссиясының отырысы мен шешiмi, егер жеке еңбек дауын қарау кезiнде оған еңбеккерлер өкілдері мен жұмыс берушiнiң өкiлдерi жағынан комиссия мүшелерiнiң тең саны қатысса, заңды болып табылады.

Енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулардың тағы бір ерекшелігі – келісім комиссиясының шешімі ол белгілеген мерзімде, жұмыста қалпына келтіру туралы дауды есептемегенде, келісім комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей орындалуға жатады.

Комиссияның шешімі бойынша жұмыс берушіден өндіріп алынған сомалар өтініш берушіге жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімде, комиссия шешімі шыққаннан кейінгі келесі айда төленеді.

Беларусь Республикасы, Болгария, Хорватия, Чехия, Венгрия, Дания, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Польша, Румыния, Словения сияқты еңбек дауы туындаған кезде еңбеккерлердің талаптарын қою үшін дауыстар санына қойылатын талапты қатысушылардың жартысынан астамына дейін азайту ұсынылады.

Заң жобасының редакциясында: «Жұмыскерлер жиналысының (конференциясының) шешімі, егер қатысушылардың жартысынан көбі өздері қойған талаптарды қолдап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі».

Еңбеккерлердің жалпы жиналысын (конференциясын) өткізу үшін белгілі бір шарттар қажет. Осыған байланысты Заң жобасында «Жұмыс беруші, жұмыс берушілер қауымдастығы (бірлестігі, одағы) еңбеккерлердің жиналысын (конференциясын) өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті және оның жұмысына кедергі келтіруге құқығы жоқ» деген норма бекітілген.

Жақын және алыс шетелдердің көптеген елдерінде – Әзірбайжан Республикасында, Қырғызстан Республикасында, Литвада, Польшада, Румынияда, Австрияда, Болгарияда, Венгрияда, Германияда, Литвада, Эстонияда, Польшада және Румынияда қысқа мерзімді ескерту наразылық акцияларын өткізу заңды болып табылады.

Осыған байланысты Заң жобасында бұл норманы біздің еңбек заңнамасына енгізу ұсынылады. Ұсынылып отырған нормаға сәйкес: «Еңбек арбитражында ұжымдық еңбек дауын қарау кезеңінде қызметкерлер бір сағаттық ескерту ереуілін өткізе алады, бұл туралы жұмыс берушіге 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлау қажет».

Осы норманы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі жұмыс тобында талқылау барысында бірнеше рет талқылаулардан кейін депутаттардың заң шығару бастамасы ретінде мынадай түзету енгізілді:

«Еңбек арбитражында ұжымдық еңбек дауын қарау кезеңінде қызметкерлер бір рет бір сағаттық ескерту ереуілін өткізе алады, оған 50-ге жуық қызметкер қатыса алады».

Бұған дейін депутаттар ескерту ереуіліне қатысушылардың санын 20 жұмысшыдан аспауын ұсынған болатын.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері басқа қызметкерлердің мұндай ескерту ереуіліне қатысуға конституциялық құқығын шектеуге байланысты аталған тұжырымдарға жол бермеу туралы өз ұстанымдарын білдірді, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітуге болмайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағына сәйкес 11, 13-15-баптарда және басқа да бірқатар баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шектелуге жатпайтынын ескеру қажет

Сонымен қатар, ұсынылып отырған норма – басқа жұмыскерлердің ескерту ереуіліне қатысу құқығын шектеу бөлігінде кәсіподақ қауымдастығының позициясынан Халықаралық еңбек ұйымының №87 «Бірлестіктер бостандығы және ұйымдасу құқығын қорғау» конвенциясына қайшы келеді. (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 29-II Заңымен ратификацияланған).

Сондай-ақ Заң жобасында ереуілдерді ұйымдастыру тәртібін жеңілдету мақсатында жұмыскерлердің талаптарын білдірудің заңды тетігі ретінде шекті мәндерді төмендету ұсынылып отыр.

Ұсынылып отырған нормаға сәйкес, «Конференцияға хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың жартысынан астамы қатысса, ол құқылы болып саналады».

Сонымен қатар, рәсімді жеңілдету және еңбек дауларын шешу үшін еңбек арбитражын құру мерзімін бес жұмыс күнінен екі жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылды.

Еңбек арбитражының шешімін шығару мерзімі де жеті жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша жұмысы жалғасуда.

 

ҚРКФ Құқықтық қамтамасыз ету департаменті