Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппараты мемлекеметтік мекемесінің кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жағдайымен танысу мақсатында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов арнайы барды. Осы орайда Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбектің және аудан әкімі аппаратының кәсіподақ комитетінің төрағасы Досалы Амангелдиевтің қатысуымен аппарат қызметкерлерімен кездесіп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, жиын өткізілді.
Аталған жиында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесі кәсіподағы комитетінің және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атқарған жұмыстары туралы есептік хабарламалары тыңдалды.
Жиын барысында филиал төрағасы С.Әуесханов Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Амангелдиевке белсенді қызметі үшін Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.
Жиын соңында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы кәсіподақ филиалының төрағасына рахметін айтып, аппарат қызметкерлерінің бұдан әрі қарай да белсенді қызмет жасайтынына сенім білдірді.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының кестесіне сәйкес, Филиал төрағасы Серік Әуесханов, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевтың және аудан әкімі аппаратының кәсіподағы комитетінің төрағасы Марат Тәжібаевтың қатысуымен «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеметтік мекемесінің кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесіп, жиын өткізді.
Аталған басқосуда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесі кәсіподағы комитетінің 2022 жылы атқарған үздік жұмыстары аталып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атқарған жұмыстары туралы қысқаша есептік хабарлама берілді.
Жиында филиал төрағасы С.Әуесханов Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Тәжібаевқа белсенді қызметі үшін Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.
Кездесу соңында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев «Қызмет» салалық кәсіподағына рахметін айтып, аппарат қызметкерлерінің бұдан әрі қарай да белсенді қызмет жасайтынына сенім білдіріп, алдағы келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.