Білім саласының үздіктері марапатталды

Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің және “Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының” Түркістан облыстық ұйымына мүше “Шапағат-педагог” кәсіподағының ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде жыл қорытындысы бойынша ауданда оза шауып, үздік болып танылған білім саласының мамандарын марапаттауға арналған «Жыл үздіктері -2022» іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева, “Шапағат-педагог” кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиева, Сайрам ауданы мәслихатының хатшысы Ш.Халмурадов, “Аманат” партиясы Сайрам ауданы филиалының аттқарушы хатшысы А.Әбдіқадыров қатысты.

Іс-шара барысында жыл қорытындысына орай “үздік” деп танылған білім мекемелері, білім саласының қызметкерлері, ұстаздар, спорттық сайыстарда, түрлі олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.

Іс-шарада “Шапағат-педагог” кәсіподағы тарапынан жаңа жылдық сыйдықтар табысталды