Еңбек үздіктері марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлеріне салтанатты жағдайда салалық және корпоративтік наградалар табыс етілді. «ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы» төсбелгісімен сервистік қызмет көрсету цехының слесары Сансызбай Шаханов, №1 ферроқорытпа цехының балқытушысы Вячеслав Томильцев, автокөлік цехының экскаватор машинисі Рамазан Жахеев, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері Оксана Горн марапатталды.


«Қазхром «ТҰК» АҚ еңбек сіңірген қызметкері» атағының иегерлері болып қойма шаруашылығы учаскесінің жүк тиеушісі Ержан Аухадиев, агломерациялық цехтың операторы Любовь Цицюрская, «Алау» демалыс үйінің жүргізушісі Николай Селиванов танылды.

«Қазхром «ТҰК» құрметті қызметкері» атағы орталық зауыт зертханасының зертханашысы Катима Ахмедиева, шихтопайындау цехының ұсақтаушысы Қанат Жапаров, өндірістік – техникалық бөлімнің өндіріс жөніндегі менеджері Сергей Вернигорға берілді. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жоғары көрсеткіштері үшін “БиОТ саласындағы еңбегі үшін” төсбелгісімен жөндеу-құрылыс цехының электр газбен дәнекерлеушісі Мейрам Шаяхметов, №6 балқыту цехының өндірісін қамтамасыз ету жөніндегі менеджер Валерий Мартынов, ОТиПБ бөлімінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженері Денис Касенов марапатталды.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өндірісті дамытуға қосқан үлесі үшін барлық марапатталғандарды құттықтайды, кәсіби шеберлікте жаңа еңбек биіктеріне қол жеткізуді, зор денсаулық пен отбасылық амандықты тілейді.