Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.
Осы орайда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы мен Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын, ұжымдық шартты реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандум қабылдады.
Меморандум арқылы қос тарап ел бірлігі, ұлт пен ұлыстар татулығы және қоғам тұрастығы тақырыптарында кездесулер, акциялар, дөңгелек үстел мәжілістерін ұйымдастыруды, ірі өндірістік кәсіпорындарда қысқартылған жұмыскерлермен шиеленістің болмауына жол бермеу шараларын алу, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын еңбек дауларында келіссөздер жүргізу, келісімге қол жеткізу бойынша оқыту семинарланын өткізуге уағдаласты.
Жаңа 2023 жылға арналған екі жақты өзара ынтымақтастық Меморандумына облыстық ардагерлер кеңесі атынан кеңес төрағасы Мұрат Өтешов пен Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы атынан бірлестік төрағасы Әлібек Семғалиев қол қойды.