Кәсіподақ жастарының оқу жиыны өтті

Қызылорда облысының білім саласындағы белсенді кәсіподақ жастары «Қуатты Қазақстан идеясы – жастарды жігерлендіру негізі» атты оқу жиынында бас қосты.

Білім беру ұйымдарындағы жастар саясатын дамыту және жас ұстаздардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың кәсіби дамуын қолдау мақсатында облыстық салалық кәсіподақ ұйымымен ұйымдастырылған жиын Алматы қаласындағы «Нұр әлем» шипажайы базасында өтті. Оқу жиынның бағдарламасына сәйкес жастар арасында «Кіші қадаммен үлкен мақсаттарға» тақырыбымен таныстырылым алаңы өтіп, «Жастар ізденісі – жаңашылдыққа бастау», «Ped Skillis: өз брендін қалыптастыру және кәсіби бағдар» атты практикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, жас ұстаздардың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі негізгі құндылықтары айқындалып, олардың озық ойлау қабілеттілігі мен белсенділігін арттыру фортсайт- сессиясы ұйымдастырылды. Кәсіподақ жастары Алатау бөктерінде өткен оқу жиынында жинақтаған тәжірибелерімен өңірдегі әріптестерімен бөлісетін болады.