Кәсіподақ Еңбек адамына құрмет көрсетті

«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылатын «Мерейлі сәт» жобасы жалғасуда. Жобаның мақсаты – кәсіподақ мүшелері қатарынан зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шығатын тұлғаларды құттықтау және марапаттау.


Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Рафхат Бисенов кәсіподақтың сенімді әрі белсенді әріптесі Ақтөбе қаласының қаржы және экономика бөлімінің қызметкерлері Раушан Избасканова мен Майра Танбаеваны зейнет демалысына шығу шарасына орай ұйымдастырылған жиынға қатысып, облыстық филиал атынан құттықтау сөз сөйлеп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, құрметті демалысқа шығу үлкен абырой және олардың өнегелі істері жас мамандарға үлгі болары анық.