Павлодар облыстық ветеринариялық станция жұмысының қорытындысы шығарылды

Павлодар облысында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы П.Сурманың қатысуымен «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК 2022 жылғы қызметін қорытындылады.

«Әріптестеріміздің үйлесімді және жанқиярлық еңбегінің арқасында жергілікті жерлерде жылдың негізгі міндеттері орындалды, эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталды, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар төлемдері орындалды, 85 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қалалық және аудандық бөлімдердің барлық қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, сауықтыру жәрдемақысы кезекті еңбек демалысы шыққан кезде екі айлық лауазымдық жалақы мөлшерінде, көмекші қызмет қызметкерлеріне (жүргізушілер, қызметтік үй-жайларды тазалаушылар, от жағушылар мен күзетшілер) айлық лауазымдық жалақы мөлшерінде төленетін болады», – деп атап өтті мекеме басшысы.


Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы П.Сурма салтанатты түрде «Еңбек Даңқы» III дәрежелі төсбелгісін «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК Аққулы бөлімінің ветеринариялық дәрігері  Кульшар Аленоваға, Шарбақты бөлімінің Сосновка ауылдық округінің ветеринариялық пункті меңгерушісінің м. а.  Бекболат Жүнісбаевқа табыстады, “Елеулі еңбегі үшін” медалімен Екібастұз бөлімінің Қоянды ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі  Қабдрашит Оразалимов марапатталды.

Бірқатар қызметкерлерге еңбекке қосқан үлесі үшін бағалы сыйлықтар табысталды.