Жаңа жылдың басында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымының Қазыбек би аудандық комитетінің, Әлихан Бөкейхан аудандық комитетінің филиалдарымен және «Ихсан» еріктілер ұйымымен бірлесіп әлеуметтік осал отбасыларды қолдауға бағытталған «BIZ BIRGEMIZ» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Еріктілер мүгедектігі бар жұбайымен бірге төрт баланы тәрбиелеп отырған Оксана ханымның отбасына барды. Еріктілер келіп жеткен 2023 жылмен құттықтап, азық-түлік пен балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті.