“Қызмет” салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы, Кәсіподақтар орталығының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М.Сағындықова облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге “Бақытты отбасы” орталығында азаматтарды қабылдады. Қабылдауға полиция департаментінің өкілі А.Қасанғалиева қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар еңбек нарығындағы еңбекшілерге қарастырылатын әлеуметтік кепілдемелер, ана мен бала құқығы, отбасын сақтап қалу мәселелері бойынша сұрақтарға тиісті жауап алды. Қоғамдық қабылдауға келушілердің ұсыныстары ескеріліп, алдағы уақытта қоғамдық қабылдауды жүйелі түрде ұйымдастыру жоспарлануда.