Қаңтар айының 24 күні “Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының” Түркістан облыстық ұйымына мүше “Шапағат-педагог” білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі мен Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен ұстаздар арасында волейболдан аудандық турнир өтті.
Жалпы орта білім беру саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриотизмді, бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараға 8 аймақтан 8 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде, I орынды Қарабұлақ округі мектептері, II орынды Көлкент округі мектептері, III орынды Арыс округі мектептері иеленді. Жеңімпаздар кубок, медаль және мадақтамалармен марапатталды.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өткенін айтқан жөн.