Үшжақты комиссия еңбек қатынастары мәселелерін талқылады

Алматы облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Қыдырмановтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.


Отырысқа салалық кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өкілдері, еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мамандары аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

2022 жылдың 2 желтоқсанында өткен отырыста 2022−2023 жылдарға арналған жаңа Үшжақты келісіміне қол қойылды.

Маңызды 8 тараудан тұратын Үшжақты келісімнің міндеті – тараптардың әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу және ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарды болдырмау бойынша барлық шараларды жүргізу болып табылады.

Келісім тараптарының белсенді жұмысы әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар, облыстың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге мүмкіндік беруде.

Осыған байланысты, бүгінгі облыстық үшжақты комиссия отырысында облыстағы жалақы бойынша берешекті азайту, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар және оған мониторинг жүргізу, міндетті әлеуметтік сақтандыру – жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ филиалының басшысы Э.Боранбекқызы, еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бөлім басшысы Б.Орманов, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Б.Абибеков, Кербұлақ ауданының әкімі Қ.Есболатовқа баяндама жасау үшін сөз кезектері берілді.
Облыстық Үшжақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелердің барлығы қаралды.