Ақтөбе облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырысы өтті. Оған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев қатысты.
Отырыста «Еңбек саласындағы ағымдағы ахуал мен наразылық тәуекелдері бар кәсіпорындар» туралы Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының бастығы А.Мырзалин баяндама жасады.
Үшжақты комиссия отырысында «Восток мұнай және сервистік қызмет» ЖШС директорының орынбасары Чжу Ян, «Синопэк Қазақстан»Ақтөбе филилалының директоры Ли Цзиньбо, «М-Техсервис» ЖШС директорының орынбасары Ван Дунсюй және «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе филилалының директоры Д. Тайшимов бсяндамалар жасап, өздері жетекшіліп етіп отырған мекемелердегі еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылардың жалақысын көтеру жайы туралы талаптарына сай қолға алынған жұмыстарын баяндады.
Мысалы, жоғары аталған үш қытайлық инвесторлар иелік етіп отырған серіктестіктің жұмысшылары, кәсіподақ ұйымының мүшелері атынан төрағалары жалақыны 40-50 пайызға көтеруге ұжымдық өтінішті еңбек инспекциясына жолдаған.
Жиында осы серіктестіктермен қатар, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе филиалының 69 жұмысшысының жалақыны 100 пайызға көтеру жөніндегі өтініші де қаралды.
Магистральды газ құбырын жүргізумен айналысатын компания басшылығы жұмысшылардың талабын ескере келе, жалақыны өзара ортақ келісім пайызы бойынша өсіретінін жеткізді. Ал, қытайлық инвесторлар, соның ішінде, «Синопэк Қазақстан» вахталық әдіспен еңбек ететін жұмысшылардың жалақысын 20 пайызға,ал инжере тезникалық қызметкерлерге 10 пайызға өсіретінін қарастыруда екенін жеткізді. «Восток мұнай және сервистік қызмет»ЖШС жетекшілері қазіргі таңда жалақыны 10-17 пайыз аралығында өсіруді қарастырып отырғандарын баяндады.
Комиссиямен қабылданған шешімдер ресми рәсімделіп, орындауға жолданатындығы келісілді.