«Қазкөліккәсіп» салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалының Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.
Филиал төрағасы Серік Сәрсекеев өткен жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, теміржол торабы белсенділерінің қатысуымен Атқару комитетінің 6 отырысы өткізілгенін, онда кәсіподақтың әлеуметтік-экономикалық және еңбек мүдделерін қорғау мәселелері қаралғанын атап өтті.
Кеңесте филиалдың 2022 жылы атқарылған жұмыстары мен статистикалық есебі тыңдалды. Кәсіподақ активі 2023 жылға жылға арналған іс-шаралар жоспарын талқылап, өз ойларын ортаға салды. Соның ішінде, ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұстанымын іске асыру, еңбек жағдайын жақсарту, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеруді жалғастыру және т.б мәселелер айтылды.
Сонымен қатар, филиал белсенділері теміржолшылардың еңбек құқықтарына қатысты жедел және ағымдағы мәселелерді апта сайынғы отырыста қарастырып отырады.