Кәсіподақ ардагер ұстазды мерейтойымен құттықтады

«Ұстаздық еткен жaлықпac, үйретуден бaлaғa», – деп Aбaй aтaмыз aйтқaндaй, бүгінде осы ұлы жолда аянбай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қоятын асыл жандар өте көп. Бірақ, жарты ғасырға жуық өмірін ұстаздыққа арнағандар, әрине, аз. Солардың бірі – Таңатарова Ұштап Бақтығалиқызы.

Ұштап Бақтығалиқызы 1953 жылы 2-ақпанда Ойыл ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика бөлімін тәмамдап, алғашқы еңбек жолын Ойыл ауданы, Құрман совхозында бастаған. 1997 жылдан бері Ақтөбе облыстық физика-математика лицей-интернатында еңбек етіп келеді. Білім саласындағы жетістіктері үшін «Ерен Еңбегі үшін» , “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі” медальдарымен марапатталған. Халықаралық «Johan Amos comenius» медалінің иегері, 2022 жылы «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағына ие болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және көптеген жоғары марапаттары бар.

Педагогика саласында 48 жыл тынбай еңбек еткен аяулы ұстаз мерейлі 70 жасқа толды. Мерейтой иесіне Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан сый-құрмет көрсетілді. Ұлағатты ұстазға құттықтау хат пен денсаулығын нығайту мақсатында “Мерке-Радон” емдеу-сауықтыру орталығына жолдама тарту етілді.