2023 жылдың ақпан айының алғашқы жұлдызында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның қызметкерлері арасында «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ және «Alataý jastary» ЖҰ жастар кеңесімен ұйымдастырылған «TOP Brain» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Жастар «TOP Brain» интеллектуалды ойынында өз білімімен белсенділігін ерекше танытып, табандылық пен жеңіске деген жігер танытты. Ойын жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және сертификаттармен марапатталды.
«Ұйымдастырушыларға және ойынның барлық қатысушыларына алғысымды білдіремін. Мұндай шаралар жаңа мақсаттарға жетуге ынталандырады деп ойлаймын. Ойын барысында мен қызықты адамдармен танысып, жаңа достар таптым. Келесі ойынды асыға күтеміз», – деп өз пікірімен 6-ЭТА ОВБ электромонтері Аслан Қойайдаров бөлісті.