Кәсіподақ қолдау көрсетті

«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ Батыс филиалының кәсіподақ төрағасының орынбасары Нұрбек Досбергеновтың айтуынша, ФБ әлеуметтік желісінде жарық көрген бейнежазбаға қатысты қазір мәселе оң шешімін тапты. Айта кетерлігі, ПЧ-8 Шалқар жол аралығына қарасты Төсбұлақ бекетіндегі жұмыскерлерге лайықты еңбек жағдайы қарастырылуда. Жұмыскерлер «Қазкөліккәсіп» чалалық кәсіподағына қарасты Батыс филилалының бастауыш кәсіподағына мүше.

Төсбөгет бекетінде осыған дейін жұмысшыларға арналған арнайы жатақхана болған емес. Бұл иесіз қалған үй болатын. Оны жұмысшыларға лайықтау қарастырылған. Қазіргі таңда ол жерге жұмысшылардың талабын ескеріп, тамақ сақтайтын мұздатқыш, холодильник, тамақ жылытатын миркотолқынды пеш, жаңа матрац, төсек жайма, т.б. керек заттар, ыдыс-аяқ бәрі толығымен қамтамасыз етілді.