Кәсіподақ қызметі сандық жүйеге көшеді. Бұл жұмысты жеделдетіп, жеңілдетіп, жүктемені мейлінше азайтуға септігін тигізбек.
Онлайн форматта өткен семинар-практикумде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының кеңсе меңгерушісі Мадина Бейсембаева және маман Нұрсейіт Тынбаев ақтөбелік әріптестеріне ақпараттық технологияның қыр-сырын үйретті. Платформаға тіркелу, құжаттарды енгізу, сандық жүйенің ерекшеліктері туралы ақпараттар берілді.
Барлық іс-қағаздар “AlmexECM” деп аталатын ортақ платформада жинақталады. Бұл жерде кәсіподақ қызметкерлері хат алмасып, құжаттарды діттеген жеріне жедел жолдай алады. Мамандар: “Цифрландыру арқылы қағазбастылықтан арылып, жұмыс сапасын арттыруға, кәсіподақ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік зор”, – дейді.