Жас педагогтер кәсіби дағдыларын жетілдірді

Қарағандыда қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының жұмыс жоспары аясында “Кәсіби коктейль” квест-ойыны өткізілді. Квест-ойынға Шахтинск қаласының қосымша білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысты.


Ойын қызықты кәсіптік бағдар беру квесті түрінде құрылды, оның қатысушылары әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, станцияларда жүрді. Командалар аспазшы, шаштараз, медицина қызметкері, турист және киім дизайнері мамандықтарында өз дағдыларын көрсетті. Квест қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Барлық командалар Шахтинск қаласының білім кәсіподағы берген дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ барлық қатысушыларға атаулы сертификаттар табысталды.