Теміржолшылар арасында шайбалы хоккейден жарыс өтті

Қарағанды жол бөлімшесінің Ақадыр станциясының теміржол кәсіпорындарының қызметкерлері теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырған шайбалы хоккейден жарыстар мен біріншілікке қатысты.


Спорттық іс-шараларға кәсіподақ мүшелерінің 3 командасы қатысып, мұзда әдемі және серпінді спорттық ойын көрсетті. Турнирге қатысушылар шайбаны таяқшаларымен бір-біріне белсенді түрде тапсыра отырып, оны мүмкіндігінше жиі қақпаға лақтырып, сонымен бірге өз аумағына гол жібермеуге тырысты. Ақадыр торабының әуесқой хоккейшілерінің спорттық шеберлігінің арқасында жеңіске қол жеткізіп, кәсіподақтық спорттық жарыстарының жеңімпазы атанды.

II орынды Жамбыл жол бөлімшесі мен Сарышаған станциясының құрама командасы жеңіп алды, III орын Ақжал станциясының теміржолшылар командасына берілді.

Турнир қорытындысы бойынша Ақадыр құрама команданың қатысушысы, ЭЧ-12 аға электромеханигі Жетпіс Дүйсембеков үздік ойыншы болып танылды, жарыста Қарағанды локомотив пайдалану депосының машинисі Мақсат Шеңгелбаев үздік нәтиже көрсетті. Ақадыр станциясы командасының хоккейшілері іріктеуден абыроймен өтіп, жақын арада Қарағандыда өтетін Облыстық спартакиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, Ақадыр станциясында басқа қысқы спорт түрлері – шаңғы жарысы және Президенттік көпсайыс бойынша да жарыстар өтті.