ҚРКФ «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Н.Өтешев «Жетісу» облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесу модераторы Алматы облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Ә.Қыдырманов болды.
Онлайн кездесуге «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары А.Нұрланов, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы Қ. Жақсылық, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Э.Саметаев, «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ұ.Сейдахметова қатысты.
Айта кетерлігі, аталған акцияның мақсаты – еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдау.
Жиында сөз алған ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Н.Өтешев қатысушыларға мұндай кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тікелей байланыс орнатып, еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Ұжымның жағдайымен танысқан Ә.Қыдырманов бастауыш ұйым мүшелеріне «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында еңбеккерлердің құқығын қорғауда «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы өңірде жалғасын табатынын, сондай-ақ әлеуметтік әріптестермен бірлесе еңбектегі азаматтардың жалақыларын уақытында төленуі назарда болатынын жеткізді.
Басқосуда орталық қызметкерлері де өз ойларын ортаға салып, музыка, дене шынықтыру және еңбекке оқыту мұғалімдерінің апталық жүктемесі, кіші персоналдың жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына қатысты сұрақтар көтерді.
Сөз соңында Нұрлан Сүлейменұлы әріптестік аясында мәселелерді шешу үшін жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.