Қызылордада өңірлік салалық келісім жасалды

Қызылордада «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының облыстық филиалы Әлеуметтік әріптестік шеңберінде әріптестерімен жаңа өңірлік салалық келісім жасасты.


Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы және«Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі мен облыстық салалық кәсіподақ ұйымы арасындағы Келісім 2023 жылдан 2025 жылға дейін қолданыста болады.

Келісімде облыс көлеміндегі медициналық ұйымдарда қызмет атқаратын медициналық және медициналық емес мамандардың жалақыларын көтеру, санаттылыққа байланысты төлемдер жүргізу туралы ережелер енгізіліп, еңбек қатынастарына байланысты басқа да нормалар және әлеуметтік кепілдіктер қамтылды.