Астана қаласындағы Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесіне аса көңіл бөлінеді. Айта кетерлігі, ұйымның техникалық инспекторлары әр аптаның сәрсенбі күндері бөлім басшыларымен бірлесіп, еңбек қауіпсіздігі бойынша рейдтер өткізеді, егер қандай да бір заңбұзушылық анықталса, оны реттеуге атсалысады.
Бүгінде Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы 6 желілік секциядан және 3 қосалқы цехтан тұрады. Қауіпсіздік пен еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін әр учаскеде еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын техникалық инспекторлар жұмыс істейді.
Сондай-ақ, еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында құрылған өндірістік кеңес кәсіподақтың талабы бойынша ай сайын «Қазақстан теміржолы «ҰК» АҚ басшылығына есеп беріп отырады.
Ұжымдық шартқа сәйкес міндеттемелерді орындау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Кәсіподақ комитеті қызметкерлердің арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен уақтылы қамтамасыз етілуін қатаң қадағалайды. Техникалық инспекторлар мамандандырылған оқу орталықтарында біліктілігін арттыру үшін оқудан өтеді. Жыл сайын оларға 3 күндік ақылы қосымша демалыс беру қарастырылған.
Қырқыншы машиналандырылған жол станциясы құрылған уақыт ішінде жарақаттану жағдайлары, еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар орын алмаған.